Қазақстан - Қырғызстанға әрқашан да көмек қолын созып келе жатқан бауырлас мемлекет, біз қазақ еліне алғыс айтамыз - ҚР бірінші вице-премьері А.Мұралиев

БІШКЕК. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Бішкекте, «Ала Арча» мемлекеттік резиденциясында Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған жұмыс тобы Қырғызстан экономикасын, соның ішінде оңтүстік аймақтарды қалпына келтіру мәселелерін қарауды бастады.
None
None

Кездесудің басында Қырғыз Республикасының бірінші вице-министрі Амангелді Мұралиев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қырғызстанға экономикалық көмек бері мәселелерін зерделеу үшін беделді делегация жібергені үшін алғыс айтты.

«Қазақстан - Қырғызстанға әрқашан да көмек қолын созып келе жатқан бауырлас мемлекет, біз қазақ еліне алғыс айтамыз» - деді А.Мұралиев.

Өз тарапынан Өмірзақ Шөкеев Қазақстан сәуір оқиғалары басталған кезден бері Қырғызстанға жәрдемдесу шараларын алып келе жатқанын, ал Н.Назарбаев барлық тараптарды бейбітшілікке және жағдайды тұрақтандыруға шақырғанын атап өтті. Гуманитарлық көмек көрсетілді.

Бұдан басқа, Ө.Шөкеев Қырғызстанда референдум өткізілгеннен кейін Қазақстан Президенті ҚР экономикасын қалпына келтіру жөніндегі жұмыс тобын құру міндетін алға қойғанын хабарлады.

«Өзара іс-қимылді ЕурАзЭҚ ауқымында жүзеге асыру жоспарлануда, осыған байланысты біз ұйымның дағдарысқа қарсы қорынан қаржы алу мәселесін көтереміз», - деді Ө.Шөкеев.

Бұдан кейін тараптар топтарда Ош және Жалалабад қалаларын қалпына келтіру, сауда, энергетика, инвестициялар және басқа да бірқатар мәселелер бойынша проблемалар бойынша жұмысқа кірісті.

Соңғы жаңалықтар