Қазақстан Қырғызстанға қосымша көмек көрсететін болды - СІМ

АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Қазақстан көршілес қырғыз еліне қосымша көмек беретін болды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, Мемлекеттік хатшы- Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қырғызстанның Уақытша үкіметінің басшысы Роза Отынбаевамен бауырлас қырғыз еліне қажетті көмек беру жөнінде телефон арқылы келіссөздер жүргізген. «Бұл ретте тараптар қауіпсіздік шараларын нығайту, көрсетілетін көмектің бірінші кезекте осы көмекті қажет етіп отырған қырғыз халқына басы бүтін жеткізу мәселелерін басты назарға алды. Қырғызстанның Уақытша үкіметінің жетекшісі Қазақстан Президентіне қиын-қыстау күндерде тұрақты көмек көрсетіп отырғаны үшін алғысын білдіре келе, қырғыз халқы қажет етіп отырған көмекті тұтынушыларға талапқа сай жеткізетіндігін мәлім етті», деді ресми өкіл.

Сонымен қатар Р.Отынбаева ЕҚЫҰ-ның төрағасына Қырғызстандағы жағдай жөнінде егжей-тегжейлі мәліметтер берген. Әсіресе ол өзі жақында ғана оралған Оштағы жағдайлардан жан-жақты хабардар етті. Р.Отынбаеваның сөзіне қарағанда, аймақта әлі де болса қайшылықтар мен қауіп-қатер бар.

Ресми өкілдің сөзінше, Қ.Саудабаев Қазақстан Президентінің дағдарыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ, көршілес мемлекетке қажетті көмек көрсетіп отырғанын және алдағы уақытта да екіжақты байланыстар негізінде және ЕҚЫҰ-ын басқарып отырған елдің басшысы ретінде бауырлас қырғыз еліне қазіргідей дағдарысты жағдайдан шығу үшін қажетті көмек көрсетіп отыратындығын мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар