Қазақстан-Қытай шекарасынан ұялы телефондарды заңсыз алып өтпек болған екі әйел ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылдың 23 маусымы күні Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекарада орналасқан «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары ұялы телефондарды шекара арқылы заңсыз алып өтуге тырысқан екі азаматшаны ұстады.
None
None

Бірінші жағдайда, түнгі 23 сағат 48 минутта 1969 жылы туған Жолғаева есімді азаматша ұсталып, оның жүктерінің арасына жасырылған 47 дана ұялы телефон табылды.

Арада 5 минут өткенде шекаралық тексеруге келген 1970 жылғы Бордиева есімді азаматшаның да жүктерінің арасынан тиісті құжаттары жоқ 50 дана ұялы телефон шыға келді.

Аталған екі әйел де Қазақстан азаматшалары болып шықты.

Ұстау деректеріне қатысты материалдар «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар