12:57, 22 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Қазақстан-қытай шекарасында «жасыл дәліз» іске қосылады
ҮРІМШІ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Келесі аптада «Бақты» - «Покиту» өткізу бекеттерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін шапшаң өткізу үшін «жасыл дәліз» іске қосыла бастайды.

Дүйсенбі күні, 23 желтоқсанда қазақстан-қытай шекарасында «жасыл дәліз» ресми іске қосылатын болады. Оны ашу салтанатына ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері қатысады деп күтілуде.
Еске сала кетейік, осы жылғы желтоқсанда Бейжіңде Қазақстан мен Қытай кеден қызметтері басшылары кездесуінің қорытындысымен 2013 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүктерді шапшаң өткізу мақсатында «Бақты» (Қазақстан) және «Покиту» (Қытай) өткізу бекеттерінде «жасыл дәліз» ашу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.
«Бақты» кедендік бекеті Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында және облыс орталығы - Өскемен қаласынан 600 шақырым шалғайда орналасқан.