Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық жөніндегі комитеті Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің отырысы өтті

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 30-31 мамыры күндері Гуйлинь қаласында (ҚХР Гуанси-Чжуан автономдық ауданы) Қазақстан мен Қытай орталық банктерінің және тиісті қаржы мекемелері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық жөніндегі комитетінің Қаржы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 8-ші отырысы өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кіші комитеттің отырысы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов пен Қытай Халық банкі төрағасының көмекшісі Цзинь Цидің ортақ төрағалығымен өтті.

Отырыс барысында тараптар екі ел арасындағы қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде ұлттық валюталардағы төлем және өзара есеп айырысу, екі ел банктерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту және қаржы нарығының субъектілерін бақылау саласындағы өзара әрекеттесу сұрақтарын талқылады.

Отырыстың қорытындысы бойынша тараптар ҚР-ҚХР Ынтымақтастық жөніндегі комитеті Қаржы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті 8-ші отырысының Хаттамасына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар