Қазақстан-Қытай жалпы сомасы 4 млрд. долларды құрайтын 6 жоба құрылысын бастайды

«Ұзақ уақыт бойы біздің елдеріміз энергетика және ресурстар өндіру салаларында ынтымақтастық жасап келген болатын. Қазіргі уақытта «Қытай кәсіпорындарын Қазақстан аумағына көшіру» деп аталатын жоба аясында экономиканың қайта өңдеу салаларына басымдық бере отырып, 51 жобаны жүзеге асыру жоспарланған», - деді ол.
Осы ретте Е.Қарин бұл жобалардың барлығы да Қазақстан жерінде құрылысынан бастап толық өндіріс ошағы ретінде қалыптасуға дейін жүзеге асырылатындығын баса айтты. «2016 жылы жалпы сомасы 4 млрд. АҚШ долларын құрайтын 6 жобаның құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланған. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылдың басында Қазақстан аумағында қытайдың қатысуымен 2500 компания тіркелген. Оның 500-ден астамы қазақстандық-қытайлық бірлескен кәсіпорын», - деді институт директоры.
Сонымен қатар ол 2015 жылы Қазақстан Президентінің Қытай еліне ресми сапары орын алғанын және сапар қорытындысында жалпы сомасы 23 млрд. доллардан астам құжаттар топтамасына қол қойылғандығын еске салды.