Қазақстан Қытайға 2,7 млрд. доллардың тауарын экспорттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 11 айы ішінде Қазақстан Қытайға 2,7 млрд. доллардың тауарын экспорттады.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте KAZNEX INVEST компаниясының басқарма төрағасы Борисбий Жанғұразов мәлім етті.
None
None

«Қазақстан Қытайға негізінен металл, химия, уран өнімдерін экспорттайды. 2015 жылдың 11 айы ішінде Қазақстан Қытайға 2,7 млрд. доллардың өңделген тауарын сатты. Бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 16 пайызға көп. Сондықтан, біз аталған өнімдердің өндірісін ұлғайта аламыз», - деп атап өтті ол. 

Оның айтуынша, әлемдегі металл бағаларының төмендеуіне қарамастан, Қазақстанның Қытайға бағытталатын экспортының көлемі мен қарқынын ұстап тұруға барлық мүмкіндіктері бар.

«Баға деңгейі, әрине, жақсы емес. Дегенмен, көлем бойынша Қазақстан өнімдерінің Қытайға бағытталатын бөлігінің қарқынын сақтап келеміз», - деді «KAZNEX INVEST» АҚ басшысы.

Соңғы жаңалықтар