Қазақстан Қытайға газ экспорттауды бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытай арасында бір жыл ішінде 5 млрд текше метр қазақстандық газ жеткізу туралы тарихи келісімшартқа қол қойылды. «ҚазТрансГаз» АҚ - ұлттық операторының күтілетін экспорттық түсімі шамамен 1 млрд АҚШ долларын құрамақ, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
None
None

«ҚазТрансГаз» АҚ және «PetroChina International Company Limited» компаниясы арасында сатып алу-сату шарты жасалды». Газды экспортау жұмыстары 15 қазаннан басталады деп жоспарланып отыр. Газ өндірісінің ресурстық базасы Қазақстанның батысынан және «ҚазТрансГаз» АҚ-ның жерасты қоймаларындағы газ қорларынан алынбақшы. 

Қытай тарапынан газды қабылдау орны ретінде «Қорғас» шекара бекеті анықталды», делінген компания хабарламада.

«ҚазТрансГаз» ҰК АҚ-ның газ тасымалдау және маркетинг жөніндегі вице-президенті Қайрат Шәріпбаевтың айтуынша, қазақстандық газды тасымалдаудың экспорттық және транзиттік бағыттарын әртараптандыру, сонымен қатар, көгілдір отынды экспорттау көлемін арттыру - Қазақстан Президенті қойған негізгі стратегиялық талаптардың бірі.   

Соңғы жаңалықтар