Қазақстан Қытаймен және Түркиямен инвестициялық жобаларды іске қосады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қытаймен және Түркиямен ынтымақтастық аясында іске асырылатын жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік «ҚазақИнвест» АҚ-мен бірлесіп жалпы сомасы 47,8 млрд АҚШ долларын құрайтын 145 инвестициялық жобаның базалық тізімін жасады (35 мың жұмыс орны). Оның құрамында Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Түрік («Жаңа синергия») және басқа да инвестициялық жобалар бар. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында жалпы сомасы 27,7 млрд АҚШ доллары болатын 51 жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта 140 млн доллар болатын 4 жоба іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша 2018 жылы 11 жобаның құрылысы жүреді.  Жалпы сомасы 363 млн доллар болатын 6 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Биыл Қытай капиталының қатысуымен 5 жобаның құрылысы  басталады. Ондағы инвестиция көлемі 623 млн долларды құрайды», - деп атап өтті Қасымбек.
null

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Түркия арасындағы бірлескен «Жаңа синергия» бағдарламасы аясында іске асырылатын 26 жоба бар (жалпы инвестиция көлемі $ 899 млн). Бүгінгі таңда жалпы сомасы 3,5 млн доллар болатын бір жоба іске асырылды. Биыл 15,5 млн доллар болатын 2 жобаның құрылысы басталады.

Сондай-ақ, базалық тізімге Мемлекет басшысының шет мемлекеттерге жасаған іссапары аясында келісілген басқа да инвестициялық жобалар енгізілді.

«Жалпы, 145 жобадан ағымдағы жылы 1,6 млрд АҚШ доллары сомасына 15 жобаның құрылысын бастау  және 3 млрд АҚШ доллары сомасына 23 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Базалық тізілімге Қазақстанға инвестициялауға дайын шетелдік инвесторлардың жекелеген бастамалары да кірді. Мысалы, биохимиялық кластерді құру бойынша (инвестициялардың көлемі 2,5 млрд. АҚШ доллары) «Cathay» қытай компаниясының ұсынысы. Көрсетілген жоба бойынша Қазақ Инвест пысықтау және қазақстандық әріптесті іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Министрлік базалық тізіліммен шектелмейді. Болашақта оған халықаралық қаржы институттарының (АДБ, ЕДБ, Дүниежүзілік банкі және т.б.) қаражаттары тартылатын жобалар, оның ішінде МЖӘ жобалары кіреді. Бұдан басқа, Министрлік шетелдік инвесторларды тарту қажеттілігі тұрғысынан Индустрияландыру картасының, әсіресе тоқтап тұрған немесе төмен жүктемелермен жұмыс істейтін жобаларды қайта қарап жатыр», - деп атап өтті министр.

Соңғы жаңалықтар
telegram