Қазақстан Литвамен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы байланысты кеңейтуді көздейді - ҚР Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Литвамен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы байланысты кеңейтуді көздейді. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалған бірқатар шетелдік дипломаттан сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Бізді Литва Республикасымен көп жылғы дәстүрлі достық қатынас пен ынтымақтастық байланыстырады. Литвалық серіктесімізбен ЕҚЫҰ, үштік аясында белсенді жұмыс жүргіздік. Елдеріміз арасындағы сындарлы және сенім сипатындағы саяси диалогты құрметтейміз. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы байланысты кеңейтуді көздейміз», - деді Елбасы

Айта кетейік, бүгін ҚР Президентіне Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян, Швеция Елшісі Кристиан Камилл, Чех елшісі Элишка Жигова, Литва елшісі Витаутас Наудужас, Мысыр елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагим, Үндістан Елшісі Харш Кумар Джайн, Македония Елшісі Илья Псалтиров, Қытай Елшісі Чжан Ханьхуэй сенім грамотасын табыс еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар