13:58, 19 Мамыр 2015 | GMT +5
Қазақстан Литваның шағын және орта бизнес бойынша тәжірибесін зерттейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнес бойынша Қазақстан Литваның тәжірибесін зерделейді. Бүгін Астанада Литва Премьер-Министрі Альгирдас Буткевичюстің қатысуымен өткен келіссөздерден кейін ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

«Менің ойымша, Литваның шағын және орта бизнесі тәжірибесін зерттеу бойынша, бұл тәжірибені Қазақстан аумағында пайдалану тұрғысында сіздермен жұмыс істей аламыз. Сондай-ақ литвалық компаниялардың Қазақстанның инфрақұрылымдық және өндірістік дамуына қатысуы бойынша, ал қазақстандық компаниялардың Литваның дамуына қатысуын, яғни «Еуропалық Одақта жасалған» атты лейблды (фирмалық затбелгі) алып, кейін осы тауарларды барша ЕО-қа экспорттау үшін арнайы экономикалық аймақты инвестициялауды қарастырту мүмкіндігі бар», - деді К.Мәсімов.