20:28, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қазақстан Лондондағы «Білім беру және технологиялар» Дүниежүзілік форумына қатысуда
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Лондонда қаңтардың 11-і мен 13-і аралығында өтетін «Білім беру және технологиялар» Дүниежүзілік форумына қатысуда,

деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Оған 70 елден келген 50 министр, білім берудің 750 көшбасшылары қатысады. Қазақстан делегациясын Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев басқаруда.
Форум ауқымында «Британдық білім берудегі оқыту және технологиялар көрмесі ашылады. Ресми таныстырылымдардан басқа пікір алмасу, Ұлыбританияның білім жүйесін егжей-тегжейлі зерделеу және басқа да шаралар көзделген. Форумға қатысушылар басты білім мекемелерінде болады, тақырыптық көрмелерге қатысады, Лордтар палатасының ресми қабылдауында болады.