18:00, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастығының перспективалары талқыланды
БУДАПЕШТ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – Қазақстандық дипломаттар Мажарстанның оңтүстік-шығыс аймағындағы Эгераг қаласында болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мажарстандағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жергілікті атқарушы органдардың депутаттары, аймақтық билік, орта бизнес, жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері қатысқан «дөңгелек үстел» кезінде Қазақстан-мажар ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. Қатысушылардың назарына ҚР саяси және экономикалық реформалар, Қазақстанның Үкіметі қолданып отырған дағдарысқа қарсы іс-шаралар туралы ақпараттар ұсынылды.Сапар барысында сонымен қатар, «Ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» деген тақырыпқа арналған конференция болды. Дипломаттар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерін өткізу, «Ортақ әлем: әралуандылық арқылы ілгерілеу» мұсылман әлемі мен Батыс елдері сыртқы істер министрлерінің конференциясын шақыру сияқты бастамаларын назарға ала отырып, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің еліміздің үлесі туралы әңгімелеп берді.Мажарстан қайраткерлері ұлысаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі көптеген елдер үшін өнеге болуы тиіс екендігін атап өтті.Эгераг қаласының мэрі Дежо Хеди өзінің сөйлеген сөзінде Мажарстанның оңтүстік-шығыс аймағындағы тұрғындарға Қазақстанның жетістіктерімен, қазақ халқының мәдениетімен және дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік туғызғаны үшін ҚР Елшілігіне алғысын білдірді. Конференциядан кейін «Sayan Media» мажарлық фирмасының қолдауымен Будапешттегі ҚР Елшілігі даярлаған, мажар тіліндегі «Қазақстан бүгін: халықтар бірлігі ? басты ұлттық байлық» фильмі көрсетілді. Сонымен қатар, «Мажарларға Қазақстан туралы» кітаптың таныстырылымы болды. Кітапта Қазақстан және Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастығы туралы ақпараттық материалдар қамтылған.