21:42, 23 Қараша 2015 | GMT +5
Қазақстан мектептерінде алты күндік оқыту қалдырылатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын болашақта Қазақстан мектептері алты күндік оқытудан бас тартпайды. Бұл туралы zakon.kz порталында өткен «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференцияда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

Интернет пайдаланушылардың бірі конференция барысында министрге «Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мектептерде сенбі күнгі сабақтар шынымен алып тасталады ма?» деген сауал жолдаған болатын. «Бүгінде 6 күндік оқытуды алып тастау мәселесі тұрған жоқ. Қандай да бір өзгертулер тек жергілікті органдардың шешімімен ғана енгізілуі мүмкін», - деп атап өтті А. Сәрінжіпов.