Қазақстан мектептерінде қытай тілін де оқыту қажет - америкалық миллиардер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мектептерінде қытай тілін де оқыту қажет. Мұндай пікірді бүгін «ASTANA INBEST 2015» VI Халықаралық инвестициялық форум аясында өткен баспасөз мәслихатында әлемге аты танымал инвестор әрі миллиардер, бірнеше компанияның негізін қалаған Джим Роджерс білдірді.
None
None

«Қастарыңызда қытайлықтар өте көп. Сіздер мектептеріңізде қытай тілін оқытпайсыздар. Сіздер қазақ, орыс, ағылшын тілін оқытасыздар. Олар өте жақсы тілдер. Бірақ, сіздерге қытай тілін де оқыту қажет», - деді америкалық миллиардер.

Оның атап өтуінше, қазақстандықтар қытай тілін білетін болса, біраз табысқа жете алады.

«Яғни, мен Қазақстанда болсам, онда қытай тілін оқытуға күш салар едім», - деді Д.Роджерс.

Соңғы жаңалықтар