Қазақстан мен АҚШ биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру мәселесін талқылады

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Гросспен бейне-конференция арқылы кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан мен АҚШ биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру мәселесін талқылады

Сыртқы саяси ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, сұхбат барысында тараптар халықаралық қауіпсіздік, таратпау режимін нығайту және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын талқылаған.

Л. Гросс Қазақстанның әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке қосқан үлесін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық алға басатынына сенім білдірді.