Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасы алдағы уақытта қалай өрбімек

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты 2019-2025 жылдарға арналған стратегиясы аяқталғалы тұр. Енді Дональд Трамп басқаратын әкімшілік Қазақстанға қатысты қандай жаңа саясат ұстанады? Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы осы тақырып жөнінде толғанып көрді.

 Как будут развиваться отношения Казахстана и США
Коллаж: Canva

Жаңа стратегияның жобасы

2025 жылы соңына жеткен Американың Орталық Азияға байланысты стратегиясы Дональд Трамптың бірінші президенттік мерзімі кезінде, яғни, 2019 жылы қабылданған болатын. Енді оның әкімшілігі тағы да Орталық Азия елдеріне қатысты сыртқы саяси бағытын айқындамақ.

«Second Floor Strategies» консалтингтік компаниясының президенті Уайлдер Алехандро Санчес жаңа стратегия қалай өзгеруі мүмкін екені жөнінде ойын айтқан.

Президент консалтинговой фирмы «Second Floor Strategies» Уайлдер Алехандро Санчес
Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

 

– Меніңше, АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты жалпы стратегиясы түбегейлі өзгермейді. Жаңа стратегиядағы негізгі өзгерістер болжам бойынша, тек бұрын ерекше назар аударылған Ауғанстанға қатысты болуы мүмкін. Бүкіл әлемде тәліптерді биліктен шеттету үшін жаңа әскери операция жүргізуге қызығушылық жоқ. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі өзге қақтығыстарға байланысты АҚШ астанасы Ауғанстанға жіті көңіл бөліп тұрған жоқ, – дейді Уайлдер Алехандро Санчес.

Сарапшы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің жуырда Вашингтонға жасаған сапарының маңыздылығын да атап өтті. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесу қорытындысы бойынша, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың, «С5+1» дипломатиялық платформасы арқылы өңірлік интеграцияға жәрдемдесудің және өзара тиімді коммерциялық мүмкіндіктерді, әсіресе, технологиялар мен маңызды пайдалы қазбалар саласын зерделеудің негізгі бағыттарын атап өткен.

Бір қызығы, Трамп әкімшілігі әзірге АҚШ-тың болашақ саясаты, мақсаттары мен жаһандық мәселелерге көзқарасы туралы түсінік беретін маңызды бірде-бір стратегиялық құжат жарияламаған екен.

– Әзірге Вашингтонның Орталық Азияға, басқа өңірлер мен жаһандық мәселелерге қалай қарайтыны белгісіз. Сыртқы саясатқа қатысты негізгі құжаттар мен стратегиялардың жариялануын күттік. Мемлекеттік департамент ауқымды түрде қайта құрылымдалып жатқанын да ескеруіміз керек. Ол аяқталған соң, АҚШ әкімшілігінің Орталық Азияны қалай қабылдайтыны туралы түсінігіміз айқынырақ болады, – деп түйіндеді Уайлдер Алехандро Санчес.

АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты неге бағытталмақ?

Алдымен биыл 16 қаңтарда АҚШ Конгресінде Марко Рубионың Мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалуы мақұлданғанын атап өту керек. Ол Сенаттың Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті мүшелерінің қос партиялы қолдауына ие болды. Конгрестегі тыңдау кезінде Марко Рубиоға халықаралық күн тәртібіне қатысты, соның ішінде Джексон-Вэник түзетулерін алып тастау және Қазақстанға АҚШ-пен «Тұрақты қалыпты сауда қатынастары» мәртебесін беру туралы сұрақ қойылды.

Сенаттың Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің мүшесі Стив Дейнс «осы түзетуді алып тастау бағытында ынтымақтасуға келісер ме едіңіз?» деп сұрағанда, Марко Рубио оң көзқараспен қарайтынын жеткізді.

Өз кезегінде Стив Дейнстің «Орталық Азиядан бізге көбірек достар керек және мен бұл бағытта сізбен бірлесе жұмыс істеуді асыға күтемін» деген мәлімдемесін ерекше атап өткен жөн.

Как будут развиваться отношения Казахстана и США
Фото: Рүстем Қожфюаев / Kazinform

 

Назар аударуға тұрарлық тағы бір маңызды жайт – 21 мамырда АҚШ Сенатының Мемлекеттік департаменттің 2026 жылға арналған бюджеті бойынша өткізген тыңдауы. Сенатор Стив Дейнс Орталық Азия АҚШ үшін стратегиялық маңызды өңір екенін, алайда онда пайдаланылмай жатқан зор әлеует бар екенін атап өтті. Мысал ретінде Транскаспий құбыры айтылды. Оны жүзеге асыру үшін Түрікменстан мен Әзербайжанды жалғау қажет, қашықтық бар болғаны 20 миль (32 шақырым) ғана.

Стив Дейнс Мемлекеттік хатшыдан: «Сіздің ойыңызша, ұзындығы 20 миль болатын Каспийлік интерконнектор құрылысын аяқтау АҚШ пен біздің одақтастарымыздың мүддесіне сай келе ме?» – деп сұрады. Марко Рубио сауалға «Иә. Бұның мәні бар», – деп жауап қайтарды.

Сондай-ақ 4 маусымда Вашингтонда өткен «АҚШ – Орталық Азия» форумында жария етілген Стив Дейнстің мәлімдемесіне назар аудармай кетуге болмайды.

– Орталық Азия – қарым-қатынастарды нығайтуға сеп болатын үлкен әлеуеті бар өңір. Маңызды пайдалы қазбалар, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және энергетика сынды салалардың барлығы АҚШ-тың қолдауымен дами алады. Әрине, егер «Джексон-Вэник» мәселесі шешілсе, – деді сенатор.

Члена Комитета Сената по международным отношениям Стива Дейнса
Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

 

2024 жылғы маусымда Kazinform агенттігі Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне қатысты АҚШ-тың саясатын білу үшін Американың Мемлекеттік департаментіне ресми сауал жолдаған еді. Департамент редакцияның ресми сауалына жауап беріп, «АҚШ-тың Орталық Азия мен Американың игілігі үшін анағұрлым қауіпсіз, тұрақты және өркендеген өңір қалыптастыруға мүдделі» екенін мәлімдеді.

Вашингтон көлік маршруттарын әртараптандыру қажет екенін растап отыр. Бұл үшін Орта дәлізді дамытуға, сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылым мен Орталық Азияны Оңтүстік Азиямен байланыстыратын көлік желілерін кеңейтуге тұрақты инвестициялар қажет.

Аталған дәліз Орталық Азиядағы коммерциялық әрі инвестициялық мүмкіндіктерді арттырады. Әсіресе маңызды пайдалы қазбаларды өндіру және ақпараттық технологиялар сынды басым секторларды қамтуы керек. Өйткені аймақ жаһандық жеткізу тізбектерімен тығыз байланыса бастайды.

27 маусымда АҚШ Конгресі Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі кіші комитетте «Оңтүстік және Орталық Азиядағы лаңкестік қатер жағдайын бағалау және ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеу» тақырыбында тыңдау өткізген.

АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Сидни Кэмлегер-Дов Америка Оңтүстік және Орталық Азия үшін терроризмге қарсы күресте маңызды әріптес болуға тиіс екенін айтты. Ал конгрессвумен Джулия Джонсонның пікірінше, терроризммен күрес АҚШ үшін басым бағыт, әсіресе радикалдануды азайтуға бағытталған «жұмсақ күш» тетіктерін қолдану қажет.

Сарапшылар не дейді?

«EW Richardson» ғылыми қызметкері және «Heritage Foundation» ұйымының президенті жанындағы аға кеңесші Джеймс Карафаноның айтуынша, Орталық Азия алдағы он жылда кен өндіру және қайта өңдеу саласындағы ірі орталыққа айналуы мүмкін.

– Он жылдан кейін Орталық Азия Аустралия, Конго Демократиялық Республикасы мен Гренландия секілді елдермен қатар, кен өндіру мен қайта өңдеудің ірі орталығына айнала алады. Мен қайта өңдеу процестерін шикізат көзіне жақындату идеясын қатты қолдаймын. Инфрақұрылым мен қайта өңдеу – бізді стратегиялық серіктес ретінде өте жақын ететін факторлар, – дейді Джеймс Карафано.

Научный сотрудник «EW Richardson» и старший советник президента в «Heritage Foundation» Джеймс Карафано
Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

 

Оның пікірінше, Вашингтонның басым бағыты энергетика, пайдалы қазбаларды өндіру, логистика мен инвестицияларға бағытталады. АҚШ Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды әлемдік экономикаға Орта дәліз және Қара теңіз арқылы интеграциялау үшін біртұтас өңір ретінде қарастыруға бейім.

Бұған қоса, Джеймс Карафано АҚШ-тың Орта дәлізге қатысты тұжырымдамасын түсіндірген. Америкалық идея – әлем елдеріне бір-бірінің нарықтарына шығатын мүмкіндік беру үшін «Орта дәліз», IMEC (Үндістан – Таяу Шығыс – Еуропа) және 3SI (Үш теңіз бастамасы) сияқты дәліздер арқылы еркін және ашық экономикалық аймақтар құру.

«Central Asia – Caucasus Institute» институтының төрағасы доктор Фредерик Старрдың пікірінше, Орталық Азия өңірін АҚШ бірнеше бағыттармен қарастыруы қажет.

Біріншісі, Оңтүстік Кавказ елдерімен – Әзербайжан, Армения және Грузия арқылы. Өйткені бұл елдер Орта дәліздің негізгі элементтері болып тұр.

Екіншісі, Оңтүстік Азия мемлекеттері арқылы. Себебі Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Үнді мұхитына дейін теміржол салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар «TAPI» газ құбыры мен «CASA-1000» электр желісінің жобалары жүзеге асырылуда.

– Орталық Азия елдерінің бірігуі екіжақты қарым-қатынасқа қарағанда әлдеқайда тиімді нәтиже береді. Мұны «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммиті де дәлелдеді. Сол себепті АҚШ та Орталық Азия елдерімен байланыста өңірлік тәсілді құп көреді деген болжам бар, – деді сарапшы.

Председатель «Central Asia – Caucasus Institute» доктор Фредерик Старр
Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

 

Қазір АҚШ пен өңір арасындағы ынтымақтастықтың одан да ауқымды тәсілі ретінде Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда, соның ішінде Орта дәлізде ірі жобаларды қолдау және дамыту мақсатында «Транскаспий даму банкі» атты тәуелсіз қаржы институтын құру ұсынылуда.

Бастама авторлары ұсынылып отырған Транскаспий даму банкі табысқа жету үшін инвестицияларды бағыттай алатын, қауіпті азайтып, өңірлік инфрақұрылымды дамытуды үйлестіре алатын сенімді әрі тәуелсіз институт болуы керегін нақтылаған. Ал банктің құрылтайшы елдері ретінде Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия елі аталған. Бұл елдер Орта дәліздің негізгі сауда жолдарын бірлесіп бақылайды.

Бұған қоса, банкке Қытай, Еуроодақ, Ресей және АҚШ сияқты ірі державалар мен Жапония, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері секілді инвестициялық серіктестер қатыса алуы керек. Бұл инвесторлар банкті басқармайды, тек қаржылай үлес қосып, шешім қабылдау ісінде бейтарап позицияны сақтауға мүмкіндік береді.

Осылайша, АҚШ-тың сыртқы саясатының жаңа элементтерінің бірі – Орта дәлізді дамыту мақсатында Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ өңірлерін біріктіру.

Сондай-ақ АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты стратегиясындағы Ауғанстанға байланысты белгілі бір өзгерістер енгізуді көздейтін қауіпсіздік және халықаралық терроризмге қарсы күрес саласындағы саясат та сақталары даусыз.

АҚШ президенті Дональд Трамп сауда келісімдеріне басымдық беретінін ескерсек, АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарды жақсарту күн тәртібіндегі мәселе ретінде қала бермек. Бұл тұста «Джексон-Вэник» түзетуін алып тастау және Қазақстанға АҚШ-пен «Тұрақты сауда қатынастары» мәртебесін беру тақырыбын қоса атай аламыз.

Бұған дейін хабарланғандай, Дональд Трамп Truth Social желісінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 1 тамыздан бастап 25% кедендік баж енгізілетіні туралы хат жолдаған болатын.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың қазақстандық тауарларға кедендік баж енгізуіне қатысты Дональд Трампқа жауап ретінде хат жіберді.

Соңғы жаңалықтар