Қазақстан мен АҚШ Құрлық әскерлері арасындағы ынтымақтастық талқыланды

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі жанындағы әскери атташе полковник Эндрю Берриермен кездесті.
None
None

Келіссөз барысында Қазақстан мен АҚШ Құрлық әскерлерінің әскери-техникалық ынтымақтастығы және әскери білім саласындағы өзара іс-қимылының қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Сонымен қатар, тараптар Орталық Азия аймағындағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін де қарастырды.

Бас қолбасшы НАТО, оның ішінде, АҚШ Қарулы Күштерінде кеңінен қолданылатын жауынгерлік дайындықтың жаңа жүйесі - нұсқаушылар жүйесі Құрлық әскерлерінде сәтті қолданылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Мұрат Майкеев полковник Эндрию Берриерге ҚР Қарулы Күштерінде жүргізіліп жатқан реформалар, кәсіби әскерге көшу туралы айтып берді. «Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері құрамды келісімшарт бойынша жасақтау түріне өтуге дайын. Құрлық әскерлері қазіргі заманғы қару-жарақпен қамтамасыз етілген, жеке құрамның кәсіби дайындығы жоғары деңгейде. Осының бәрі кәсіби әскерге көшудің алғышарттары. Ең бастысы, біз ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының саны жағынан аз, кәсіби және қорғаныс қабілеті мықты әскер құру туралы талабын орындаудамыз, - деді генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев.

Өз кезегінде полковник Эндрю Берриер жуырда ғана Ресей Федерациясының аумағында өткен «Мызғымас бауырластық-2013» бітімгершілік оқу-жаттығуына қатысқан «Қазбриг» жеке құрамының жоғары кәсібилігін атап өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар