Қазақстан мен АҚШ төтенше жағдайлардың алдын алуда ынтымақтастықтарын нығайтуды көздейді

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко елордаға іс-сапармен келген АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы Дэвид Петреуспен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жүздесу барысында тараптар мамандар даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру, азаматтық қорғау, медицина, апаттарды алдын ала болжау, оларға автоматтандырылған мониторинг жасау жұмыстары бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелерін пысықтады. «Калифорния штаты мен Алматы қаласы сейсмикалық қаупі жоғары аумақтарда орналасқан. 2009 жылы қыркүйекте НАТО-ның ұйымдастыруымен зілзала мен өзге де апаттарға байланысты шұғыл әрекет етуге арналған оқу-жаттығу жұмыстары өтеді. Жаттығу барысында халық көп қоныстанған қалаларда болуы мүмкін жер сілкінісі, сел жүру жағдайында шұғыл қимылдау тәжірибесін алмассақ деймін. Біз үшін АҚШ-тың аталмыш бағыттағы іс-қимылдары аса құнды болмақ», деп атап көрсетті В.Божко. «Біз Қазақстанмен әріптестікті одан әрі жалғастырғанды қалаймыз. АҚШ пен Қазақстан мамандарының бір-бірінен үйренері баршылық. АҚШ-та төтенше жағдайлардың алдын алу қызметімен айналысатын арнайы қолбасшылық осыдан екі-үш жыл бұрын құрылды. Екі ел арасында төтенше жағдайлар саласы бойынша ықпалдастықты одан әрі тиімді етуге бағытталған жұмыстарға аталмыш қолбасшылықты тартқан дұрыс деп санаймын», деді өз сөзінде Д.Петреус.
Соңғы жаңалықтар