Қазақстан мен АҚШ-тың қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие - АҚШ елшісі

«Біз, америкалықтар, еркіндік пен адам құқықтарының сақталуын тұрақтылықтың негізі деп санаймыз. Америка Құрама Штаттары сыртқы саясатында өзінің мүдделері ғана емес, құндылықтарының да сақталғанын көздейді. Құндылықтарымыздың сақталуы мемлекеттік мүдделеріміздің негізі болып табылады. Алайда, біз өз құндылықтарымызды ешкімге, ешбір мемлекетке күштеп міндеттеуден аулақпыз. Біз тек мемлекеттерді халықаралық құжаттармен бекітілген құқықтарды қорғауда өз міндеттемелерін орындауға ынталандыруға ұмтыламыз», - деді елші.
Ол сонымен қатар, басқару, адам құқығын құрметтеу, демократияландыру, азаматтық қоғамға қолдау көрсету, дін еркіндігі, толеранттық, яғни бөтен ұлт пен пікір, көзқарастарға төзімділікпен қарау және БАҚ еркіндігі мәселелері бойынша екі ел арасында жүріп жатқан ашық әңгімеге ризашылығын білдірді.
«Біздің қарым-қатынасымыз - бұл екі ел үкіметтерінің арасындағы жәй ғана байланыс емес. дәлірек, халықтар мен халықтардың, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлердің байланысы. АҚШ пен Қазақстанның арасы мыңдаған шақырымды құрайтыны белгілі. Бірақ соған қарамастан аз ғана уақыттың ішінде тұрақты, көркейген және біріктірілген әлем жайындағы ортақ көзқарастарымыз бізді біріктіре түсті. Елші ретіндегі менің негізгі ролім - екі елдің халқы мен мүдделерін бірлестіру қарқынын барынша қолдау» - деді Дж. Крол.