Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы өзара қарым-қатынас аймақтық деңгейде дамуы тиіс

БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Әзербайжан арасында өзара аймақтық қарым-қатынастың болуы міндетті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Бакуде өткен VII Әзербайжан-Ресей аймақаралық форумында Әзербайжанның экспорт пен инвестицияларды қолдау қорының (AZPROMO) басшысы Руфат Мамедов хабарлады.
None
None

«Біз Қазақстанның орталық және аймақтық органдарымен бірлесіп жұмыс істейміз. Бірінші кезекте географиялық тұрғыда жақын орналасқан Маңғыстау облысымен мұнай саласында ынтымақтастық орнаттық», - деді Р.Мамедов.

Оның айтуынша, көптеген әзербайжандық кәсіпкерлер Қазақстан экономикасының түрлі секторларын инвестициялап жатыр, екі елдің қарым-қатынас деңгейі кәсіпкерлерге өзін Қазақстанда жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Бұл әзербайжандық компаниялардың инвестиция түрінде Қазақстан нарығына ұзақ мерзімге енуіне қажетті негізгі алғышарттар.

«Жақында «Морпорт Ақтау» АЭА логистикалық орталығын инвестицияладық. Нысан пайдалануға берілді, инвестициялар болашаққа, біздің республикалар және Қазақстанмен бірлескісі келетін Каспий маңындағы өзге де мемлекеттер арасындағы сауда айналымын нығайту және ынталандыруға арналған», - деді қор басшысы.

Сонымен бірге, Қазақстанмен аймақаралық форумдар өтпесе де, бизнес-форумдар мен сауда миссияларының жүріп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, ол статистикалық мәліметтер бойынша, әзербайжандық кәсіпкерлердің ҚР экономикасына инвестицияларын әртараптандыру жұмысы жүргізіліп жатқанын хабарлады. Кәсіпкерлер логистика, қызмет, ауыл шаруашылығы, мұнай саласы мен өнеркәсіптік өндірістің түрлі бғыттарында жұмыс істейді. 

Соңғы жаңалықтар