Қазақстан мен Әзербайжан бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

АСТАНА. KAZINFORM — Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде төраға Алмасадам Сәтқалиев пен Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі Парвиз Шахбазовтың жұмыс кездесуі өтті. 

Қазақстан мен Әзербайжан бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Фото: Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Кездесу конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтті.

Негізгі назар атом өнеркәсібі және ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытуға аударылды.

Тараптар мына мәселелерді қарастырды:

- атом саласын реттеу және қадағалау тәжірибесімен алмасу; 
- ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 
- экологиялық мониторинг пен радиоактивті материалдарды басқару; 
- мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру; 
- заманауи технологияларды енгізу және әртараптандыру перспективалары.

— Қазақстан мен Әзербайжан — бауырлас елдер. Бізді тарихи байланыстар мен қауіпсіз әрі бейбіт атом энергетикасын дамытуға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Тәжірибе алмасуды жалғастырып, мемлекеттеріміз бен өңірдің игілігі үшін ынтымақтастықты күшейтуге ниеттіміз, — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Кездесу қорытындысында тараптар әріптестік қатынастарды тереңдетуге мүдделілік танытып, өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін растады. 

Айта кетелік МАГАТЭ Абай облысында АЭС салу идеясын мақұлдады

Соңғы жаңалықтар