Қазақстан мен Әзербайжан экология және табиғи ресурстар саласындағы ынтымақтастықты дамытады

Қозоғистон ва Озарбайжон экология ва табиий ресурслар соҳасида ҳамкорликни ривожлантирмоқда
Фото: Серікбол Қошмағанбетов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел Әзербайжанның экология және табиғи ресурстар министрі Мұхтар Бабаевпен кездесті, деп хабарлайды Kazinform-ның меншікті тілшісі. 

Тараптар «жасыл» дипломатияны дамыту перспективаларын талқылады, жаһандық және өңірлік экологиялық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Әлім Байел Мұхтар Бабаевты 2024 жылдың қарашасында Бакуде өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы - COP29 конференциясының 29-шы сессиясына биылғы жылы төрағалық ететін Әзербайжанды құттықтады.

Мұхтар Бабаев COP29 ауқымы мен қатысушылар саны жағынан Әзербайжанда өтетін ірі шаралардың бірі болатынын атап өтіп, оған дайындық барысы туралы айтты.

Сонымен қатар, екіжақты кездесу барысында тараптар аймақтағы климаттық диалогты қолдауға бағытталған қазақстандық бірқатар бастамаларды талқылады. Сондай-ақ тараптар жануарлардың әртүрлі түрлерін интродукциялау және реинтродукциялау саласында ынтымақтастық орнатуға келісті.

Соңғы жаңалықтар