Қазақстан мен Әзербайжан өкілдері бірқатар құжаттарға қол қойды

БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға жасаған ресми сапары аясында екі елдің үкіметтері арасында түрлі салалар бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Бакудегі тілшісі.
None
None

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев Қазақстан мен Әзербайжан мемлекет басшыларының бірлескен декларациясына қол қойды.

«ҚТЖ» ҰК АҚ мен «ӘТЖ» ЖАҚ арасында логистика мен теміржол көлігі машина жасау саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын рәсімдеді.

Сонымен қатар, Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы 1996 жылдың 16 қыркүйегіндегі конвенцияға  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР және ӘР Үкіметтері арасындағы арасындағы хаттамаға қол қойылды.

Сонымен қатар, карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық пен халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімдер рәсімделді.

Еске салайық, бүгін Қазақстан Президентінің Әзербайжандағы ресми сапары жалғасуда. 

Соңғы жаңалықтар