18:01, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша,Әзербайжан Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы Жаңа жылмен құттықтады.
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелерін талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Әзербайжан жағы бастамашы болды.