Қазақстан мен БАӘ ғарыш саласындағы ықпалдастық туралы келісімге қол қойды
Дубайда өтіп жатқан әуеғарыштық көрменің аясында Қазғарыш БАӘ-нің Перспективалық ғылым және технология институтымен бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ықпалдастық жөнінде келісімге қол қойды.
Қазақстан мен БАӘ-нің ғарыш саласындағы ықпалдастығының негізі болатын құжатқа ҰҒА төрағасы Талғат Мұсабаев пен БАӘ-нің Перспективалық ғылым және технология институтының бас директоры Ахмед Обаид аль-Мансури қол қойды.
Қазғарыштың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, алдағы таяу уақытта Қазақстан Сауд Арабиясымен бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ықпалдастықты орнату туралы осындай келісімге келуді жоспарлап отыр.
БАӘ-ден кейін Қазғарыш делегациясы Абдель Азиз Королінің атындағы ғылыми-техникалық қалашықтың басшылығымен кездесу өтетін Эр-Рияд (Сауд Арабиясы Корольдігі) қаласына сапар шегеді.