Қазақстан мен БАӘ инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімшартты әзірлеуде
«Тараптар «Инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы», «Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы», «Жолаушылар мен жүктерді халықаралық автокөліктік тасымалдау туралы» маңызды екіжақты құжаттарға қол қоюға дайындықты жалғастыруға келісті», - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, екі жақ, сонымен бірге, жуырда Астанада бірлескен Қазақстан-Әмірлік парламентаралық комиссиясының алтыншы отырысын өткізу туралы пікірлерімен алмасты. Қазіргі уақытта ҚР мен БАӘ арасында орнықты келісілген-құқықтық база құрылған, ол 40 құжаттан тұрады және онда екіжақы ынтымақтастықтың барлық салалары қамтылған. Қазақстандық елші әмірліктегі әріптесін Қазақстанның 2014-2020 жылдарға арналған Сыртқы саясатының концепциясымен таныстырды. Ол біздің екі ел арасында берік саяси байланыстар орнағанын және оның сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға септесетінін атап өтті.