Қазақстан мен Бангладештің экономика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда мүмкіндіктері зор ? Елші пікірі

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан мен Бангладештің экономика саласында қарым-қатынастарды дамытуда мүмкіндіктері зор.
None
None
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейінгі брифингте Бангладеш Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммед Хасиб Әзиз осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бангладеш бағасы төмен әрі сапалы өнімдер өндіреді. Ал Қазақстан табиғи ресурстарға өте бай мемлекет. Сондықтан екі елдің экономикалық қарым-қатынастарды дамытудағы мүмкіндіктері зор», - деді брифингте Бангладеш Елшісі. Оның айтуынша, Мемлекеттік хатшымен кездесуде Қазақстан мен Бангладеш арасындағы экономикалық, әсіресе сауда-саттық, коммерция және инвестиция салаларындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланған. Елші екі елдің экономикалық байланыстарын дамыту үшін таяу болашақта Бангладеш Үкіметінің делегациясы Қазақстанға сапармен келетінін атап көрсетті. Делегация құрамында сауда-саттыққа, коммерцияға, тоқыма өнеркәсібіне және фармацептикаға жауап беретін мемлекеттік құрылымдардың өкілдері енетін болады. Өз сөзінде елші Қазақстан мен Бангладеш өңірдегі қауіпсіздікті нығайту мәселесінде де табысты ынтымақтаса алатынын атап өтті. Бангладеш елшісі Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығына табыс тіледі.
Соңғы жаңалықтар