Қазақстан мен Беларусь арасында заңсыз көші-қонға қарсы келісімшарт қабылданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.
None
None

Құжатқа 2010 жылы Астана қаласында қол қойылған. Ол бойынша келісім екі мемлекеттің аумағына кіру және онда болу шарттарын бұзған адамдарды анықтауды және қайтаруды көздейді. Бұл ретте қайтарылатын адамдар санатына еліміздің аумағына заңсыз кірген немесе заңды кірген, бірақ визаның немесе рұқсатының мерзімі өтіп кеткеннен кейін сонда қалып қойған адамдар да қамтылады. Ал Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары реадмиссия үшін шекараны кесіп өту пункті болып белгіленген. Қазақстан мен Беларусь елінің ішкі істер министрліктері осы келісімді іске асыратын құзыретті органы болып табылады. Сонымен қатар келісімді қабылдау заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік беріп, мемлекеттердің аумағында заңсыз жүрген адамдарды халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауды, сондай-ақ олардың транзитін жеңілдетеді. «Тұтастай алғанда, келісімді ратификациялау жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына сәйкес, заңсыз көші-қонмен күресуге септігін тигізетін болады», - дейді заң жобасы бойынша баяндаған ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов.

Соңғы жаңалықтар