17:55, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрліктері 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жобасын бекітеді
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары орынбасарларының деңгейінде кезекті Қазақстан-Беларусь СІМ-аралық консультациялары өтеді.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында екіжақты өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ, екі мемлекеттің Бірыңғай экономикалық кеңістік, Кедендік одақ және ТМД шеңберіндегі әрекеттесулерін талқылау жоспарлануда.
Консультациялардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жобасына қол қою көзделуде.