Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрліктері ынтымақтастықтың екіжылдық жоспарын қабылдады

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан-Беларусь сыртқы істер министрліктерінің кезекті консультациялары өтті, деп хабарлады Baq.kz Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ведомствоның хабарлауынша, тараптар екіжақты өзекті мәселелерді, сондай-ақ екі мемлекеттің Бірыңғай экономикалық кеңістік, Кедендік одақ және ТМД шеңберіндегі іс-қимылдарын талқылады.

«Консультациялардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жобасына қол қойылды», - делінген хабарламада.

Аталмыш іс-шараның барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Ордабаевтың және Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары А.Михневичтің басшылығымен қос ел делегацияларының келіссөздері болды.

Соңғы жаңалықтар