Қазақстан мен Беларусьтың Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясындағы өзара іс-қимылы қарқынды әрі келісімді жүргізілуде - Н.Назарбаев

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Беларусьтың Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясындағы өзара іс-қимылы қарқынды әрі келісімді жүргізілуде.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен өткізілген баспасөз мәлімдемесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Қазақстан мен Беларусь арасындағы көлік-логистика салаларындағы қарым-қатынастар қарқынды жүргізіліп отырғандығын атап өткен Елбасы: «Қазақстан мен Беларусьтың Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясындағы өзара іс-қимылы қарқынды және келісімде түрде жүріп жатыр. Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікте таяу болашақта Еуразия экономикалық одағының құрылуы біздің елдеріміздің экономикалық кооперациясын одан әрі тығыз байланыстыратын болады»,- деді.

Соңғы жаңалықтар