Қазақстан мен Беларустағы «е-үкіметтің» қалыптасу үрдістері өте ұқсас, бірақ Беларус Республикасында электрондық мемлекеттік сатып алуды енгізу тездетілмеуде

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - «Ел басшылығының халықпен интерактивті байланысын қамтамасыз ету, бірқатар электрондық сервистер ұсыну сияқты жұмыстарды біз, посткеңестік кеңістікте басқалардан ертерек жасап қойғанбыз», - деді «Қазақтелеком» АҚ басшысы Қуанышбек Есекеев Минскіде өткен «Электрондық Беларус» мемлекеттік бағдарламасының қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында.
None
None

Қ.Есекеевтің айтуынша, дағдарыс кезеңінде және мемлекет қаражатын үнемдеу қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің ашықтығына назар аударылып отыр, сондықтан да электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесі үдемелі қарқынмен енгізіле бастады. Нәтиже де жоқ емес: «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-нің мәліметі бойынша, жаңа форматта мемлекеттік сатып алуларды өткізу барысындағы бюджеттің үнемделу көрсеткіші жоспардың 21 пайызын - 4,6 миллиард теңгені құрап отыр.

Беларус Республикасының Байланыс және ақпараттандыру министрлігінен хабарлағандай, қазіргі таңда «аталмыш салада жаңа жобаларды жүйелік негізде бағыттарды талданып, жүзеге асырыла бастады». Атап айтқанда, Электрондық Беларус» жобасының аясындағы 100-ден астам жобаның біреуі мемлекеттік сатып алу жүйесін виртуалдандыруды қамтиды.

2012 жылға дейін Беларус Республикасында бірқатар базалық компоненттердің негізінде мемлекеттік ақпараттық қызметтер жүйесін құру қарастырылған. Солардың бірі - азаматтар мен ұйымдарға электрондық қызмет көрсетудің біртұтас порталын қамтитын жалпымемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе болып табылады.

Кеден одағы бойынша серіктес елдің, Қазақстан сияқты мемлекеттік сатып алуды тезірек «виртуалдандыруға» асықпауын Қ.Есекеев: «бұл тамыры терең қайшылық емес, көзқарастардың екі түрлілігі. Әр ел өз жолымен жүреді», деп түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар