Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы футбол матчына арнайы автобустар қатынайды

АСТАНА. KAZINFORM – 15 қараша күні елордадағы «Астана Арена» стадионында Қазақстан және Бельгия ұлттық құрамалары арасындағы футбол матчы өтеді. 

Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы футбол матчына арнайы автобустар қатынайды
Фото: Астана әкімдігі

Жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін қала әкімдігі арнайы автобустар ұйымдастырады.

Шаттл-автобустар төмендегі аялдамалардан жолға шығады:

1. «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы
2. «Астаналық цирк» автотұрағы
3. «Бас Мешіт» автотұрағы
4. «Орталық саябақ» автотұрағы
5. «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы.

Автобустар сағат 16:00-ден бастап жүре бастайды.

Әкімдік жанкүйерлерді өз ыңғайы мен қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.

Айта кетелік Бельгияның футбол құрамасы Астанаға келген еді

Соңғы жаңалықтар