13:10, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Қазақстан мен Белиз арасында ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатылды
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Вашингтон қаласындағы Елшілігінде Елші Қайрат Омаров пен Америка Құрама Штаттарындағы Белиз Елшісі Нестор Мендез екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты орнату жөнінде бірлескен коммюникеге қол қойды.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени өзара ынтымақтастықты одан ары күшейту туралы қызығушылықтарын растады. Шетел дипломаты Қазақстанмен энергетика мен экотуризм саласында ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.
Қазақстанның сыртқы саяси мекемесі Латын америка мемлекеттерімен халықаралық аренада қарым-қатынасты дамыту бойынша, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, жұмыс жүргізуде.
Белиз - Орталық американың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Белиздің экономикасының негізгі салалары ауыл шаруашылығы, туризм мен қызмет көрсету болып табылады. Мемлекет қант құрағын, банан, цитрус тектестерін, киім, теңіз өнімдері мен ағашты экспорттайды.