17:52, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі Үкіметаралық сауда-экономикалық комиссиясының 5-ші отырысы өтеді
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 28-29 қараша аралығында Абу-Дабиде Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі Үкіметаралық сауда-экономикалық комиссиясының 5-ші отырысы өткізіледі. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Отырысты Қазақстан-Әмірлік Үкіметаралық сауда-экономикалық комиссиясының тең төрағалары: еліміздің Туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев пен Біріккен Араб Әмірлігінің Сыртқы істер бойынша мемлекеттік министрі Әнуар Гаргаш басқарады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынастардың қазіргі таңдағы ахуалы мен болашағы, сондай-ақ осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі қарай дамыту мәселелерін талқылайды. «Келіссөздер қорытындысы бойынша төрағалардың тиесілі хаттамаға қол қоюы көзделген», - деді ресми өкіл.