Қазақстан мен Болгария арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндігі зор - Болгарияның экс-президенті П.Стоянов

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Болгария арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндігі зор.
None
None

Болгарияның экс-президенті Петр Стоянов Kazenergy Еуразиялық  7-форумының ауқымында өткен баспасөз мәслихатында осындай пікірін білдірді.

«Біздің елдеріміз арасындағы экономикалық ынтымақтастық әлі де өз деңгейіне жеткен жоқ, деп ойлаймын. Қазақстан мен Болгарияның саяси басшылығы осыған көңіл аудару тиіс деп санаймын», - деді П.Стоянов.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Болгария арасында социализм кезінен бері жақсы тарихи байланыстар орнаған. Бүгінде Болгария Еуроодақ мүшесі және болгарлар Қазақстанмен сауда-экономикалық және басқа да қатынастарды дамытуға  аса мүдделі.   

Соңғы жаңалықтар