Қазақстан мен Болгария ғимараттардың энергия тиімділігі саласында ынтымақтастықты арттырмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Болгария арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа сала ретінде ғимараттардың энергиялық тиімділігі бағытын таңдауға болады.

Бұл туралы бүгін бүгін Астанада қазақстандық-болгарлық бизнес-форумында Болгарияның өңірлік даму министрі Лиляна Павлова мәлім етті.

«Өткен жылдың қарашасында Астанада Болгария-Қазақстан сауда палатасының кеңсесі ашылды. Біздіңше, бұл өз кезегінде іскерлік топтар, компаниялар байланыстарын нығайту үшін, ынтымақтастықтың салаларын арттыру тұрғысында маңызды қадам. Себебі, ағымдағы тауар айналымы көңіл көншітпейтіні анық, дегенмен де екі ел арасында сауда-саттықты арттыру әлеуеті жоғары. Келесі форумда Қазақстан мен Болгария арасында тауар айналымы елеулі артқандығын сенімді айта аламыз деген үміттемін»,-деді Лиляна Павлова.

Осы ретте ол бүгін Астанада бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдерімен екіжақты кездесулер өткенін атап өтті.

Болгария министрінің сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Болгария арасында ынтымақтастық үшін жаңа сала ретінде ғимараттардың энергия тиімділігі бағытын таңдауға болады. Бұған байланысты ол бүгін Астанада қол жеткізілген уағдаластық аясында бұл ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізетінін атап өтті

Айта кетейік, форумға екі елдің 100-ден астам бизнес өкілдері қатысуда. Шара аясында кәсіпкерлер арасында екіжақты келіссөздер өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар
telegram