Қазақстан мен Британия арасында Ауғанстаннан әскери мүліктің транзитін қамтамасыз ететін келісім қабылданды

Аталған келісім Британ тарапының Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналдың біздің елімізге қонбай ұшып өту тәртібін айқындайды. Бұл ретте, Қазақстанның әуе кеңістігі аумағын пайдалану үшін Британ тарапына екі түрлі рұқсат беріледі. Атап айтсақ, арнайы немесе тұрақты Британ әскери көліктік кемелері үшін және бір реттік немесе Британия тарапынан жалданған әуе кемелері үшін беріледі. Қазақстанның әуе кеңістігіндегі ұшулар ИКАО ұйымының белгілеген қағидаларымен және еліміздің заңнамасына сәйкес орын алады. Ал, Қазақстан тарапы Британияға берілетін рұқсаттардан бас тарта тұруға, тоқтата тұруға және жоюға құқылы. Еліміздің әуе кеңістігін пайдаланғаны үшін алымдар қарастырылады. Сонымен қатар Британия тарапының әуе кемесі Қазақстанның әуе кеңістігінде жанармай құюды жүргізе алмайды. Төтенше әуе апаттарын қоспағанда, жанармай құю немесе экипаждың демалуы үшін Қазақстан аумағына қона алмайды.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.