Қазақстан мен ЕО арасындағы Тоқыма өнімдерінің саудасына қатысты нормалардың күші жойылады

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Бір жағынан Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан Еуропалық Қоғамдастықтардың
None
None

және оларға мүше мемлекеттердің арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге Тоқыма бұйымдары мен сауда жөніндегі екіжақты келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуын ескере отырып, Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ережелерінің күшін тоқымамен екіжақты саудаға қолдануға қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

Тоқтала кететін жәйт, 1993 жылғы 15 қазанда Брюссель қаласында Қазақстан мен Еуропалық қоғамдастық арасындағы қол қойылған Тоқыма бұйымдарының саудасы туралы келісім 2004 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болған. Сонымен қатар 1995 жылғы 23 қаңтарда Еуропалық қоғамдастықтардың және оларға мүше мемлекеттердің арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған еді. Сол келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты 2008 жылы Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында арнайы хаттамаға қол қойылды.

Соған орай, Тоқыма өнімдерінің саудасы туралы келісімнің нормаларының күші жойылатын болады.

Соңғы жаңалықтар