18:42, 25 Қараша 2015 | GMT +5
Қазақстан мен ЕО әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қояды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтан Республикасының Бас прокуратурасында «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» тақырыбында әділ сот пен құқықтық тәртіп жөніндегі кіші комитеттің 13-ші отырысы өтті.

«Біз үш жылдан бері әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім әзірлеудеміз. Осы келісімге қол қойылған соң, Қазақстан мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталады», - деді отырысты ашқан ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Йоган Меркель.
Ол сондай-ақ, Еуроодақ Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық әріптесі екенін және соңғы он жылда Қазақстан пен Еуроодақ арасындағы тауар айналым 13 есеге өскенін, Қазақстанға келіп жатқан инвестициялардың 50 пайызы Еуропа елдерінің үлесінде екенін атап өтті.
Отырыс барысында сот жүйесін жетілдіру, көші-қон мәселесі, есірткі және адам саудасына қарсы күресте Қазақстанның қандай жұмыстар жүргізіп жатқаны талқыланды.