Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қолданыстағы визалық режім қазіргі шындыққа жауап бере алмайды - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қолданыстағы визалық режім қазіргі шындыққа жауап бере алмайды. Мұндай пікірді бүгін Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков білдірді.
None
None

«Біздер үшін келісім (ҚР мен ЕО арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім) іске қосылғаннан кейін ЕО-мен ынтымақтастықты дамытудың басымдықты мақсаты визалық режімді жеңілдету болмақ. Әзірше, бұл мәселе ұзақ уақыттан бері өз шешімін табар емес. Бірақ, өткен жылы біз біржақты тәртіппен ілкі режімде елімізде барынша жоғары инвестициялық белсенділік танытқан 10 мемлекеттің азаматтарын визалық талаптан босаттық. Бұл тізімге Еуропалық одақтың 5 ірі экономикасы Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия және Нидерланды кірді. Ағымдағы жылы тізім тағы да он мемлекетке кеңейтілді. Олардың қатарында Испания, Бельгия, Венгрия, Швеция, Финляндия сынды ЕО-ның тағы 5 елі бар», - деді ҚР СІМ орынбасары.

А.Волковтың атап өтуінше, 17 миллион халқы бар Қазақстан Еуроодақ үшін иммиграциялық қауіп төндірмейді. Жыл сайын Қазақстанның 100 мыңнан астам азаматы миграциялық режімді бұзбай Еуропа елдеріне саяхаттауда. Бұған қоса, Қазақстан өңірлік және халықаралық еңбек миграциясы мақсатындағы елге айналып отыр.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан визалық процедураны толық алып тастауға емес, оны біршама жеңілдетуге мүдделілік танытады. Өйткені, бүгінгі таңдағы Қазақстан мен ЕО арасындағы қолданыстағы визалық режім қазіргі шындыққа жауап бере алмайды.

Соңғы жаңалықтар