18:23, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстан мен Еуроодақ дін бостандығы, БАҚ еркіндігі сынды мәселелерді талқыламақ
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы адам құқықтары мәселелері жөніндегі сараптамалық консультациялардың 4-ші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«30 қарашада ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоганн Меркельдің қатысуымен Брюссельде тұрақты саяси диалог аясында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы адам құқықтары мәселелері жөніндегі сараптамалық консультациялардың төртінші отырысы өтеді», - деді ол.
Ресми өкілдің атап өтуінше, отырыстың күн тәртібінде еліміздің адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы, дін мен сенім бостандығы, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі сияқты мәселелерді қарастыру жоспарланған.