12:40, 13 Наурыз 2013 | GMT +5
Қазақстан мен Еуропалық Қоғамдастық арасында тоқыма тауардың өзара импортына сандық шектеу алынып тасталады
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге

Тоқыма саудасы жөніндегі екі жақты келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуын ескере отырып, тоқымамен екі жақты саудаға Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ережелерінің қолданылуын таратуға қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлданды.
Аталған хаттамаға 2008 жылғы 5 қарашада Брюссельде қол қойылған болатын. Хаттамада Келісімнің 11-бабындағы сілтеме нормалар, сондай-ақ толығымен 16-бабы алынып тасталады. Онда Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасында тоқыма тауарларының өзара импортына сандық шектеу жөніндегі нормалар жазылған болатын.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.