Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісім жобасы бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 17-19 наурыз кезеңінде Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ (бұдан әрі - ЕО) арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім жобасы бойынша келіссөздердің 5-ші раунды өткізіледі.
None
None

Бұл туралы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған келісімнің шеңберінде Қазақстан және ЕО тараптар арасындағы ынтымақтастық салаларының ауқымын кеңейтуді көздейді.Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде интеграцияны тереңдету перспективаларын ескере отырып, жаңа келісімнің сауда-инвестициялық және экономикалық бөлімдерін жаңарту және жаңғырту ерекше қызығушылыққа ие. Қазақстан және ЕО осы келісім негізінде тараптардың экономикалық және геосаяси мүдделерін ескере отырып, ғаламдық бәсекелестік жағдайында ынтымақтастықты тереңдетуге және жаңа және күшті құқықтық жүйе құруға мүдделі. Бұл қызығушылық ең жоғары деңгейде 2013 жылдың маусымында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Еуропа комиссиясының төрағасы Ж.М. Баррозудың Қазақстанға алғашқы ресми сапарының барысында және 2014 жылы қаңтардағы Давос форумында айтылған болатын. Бұл сипаттағы жаңа келісімді әзірлеу ЕО-ның Лиссабондық кезеңнен кейін қабылдаған алғашқы шешімі, ал Қазақстан Орта Азиядағы ЕО мен жаңа сапалы диалогқа шыққан бірегей ел болып табылады Келіссөздердің 5-ші раунды барысында Келісімнің «Экономикалық және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық» атты 4-ші, сондай-ақ, «Қаржылық ынтымақтастық» атты 8-ші бөлімдерін талқылау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар