Қазақстан мен Еуропалық одақ барша бағыттарды қамтитын жаңа құжатқа қол қоюды мақсат етіп отыр

Бұл туралы бүгін Астанадағы «Қазақстан - Еуропа: ынтымақтастықтың нәтижелері және жаңа көкжиектері» халықаралық конференциясында Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов айтты.
Қазақстандық-еуропалық диалогтың соңғы жылдардағы ерекшелігі ретінде аймақтық аспектінің нығайғандығымен байланыстырған министр, «тұрақтылық пен Орталық Азияда тиімді ықпалдастыққа ықпал етіп отырған Орталық Азия үшін Еуропалық одақ стратегиясын бұдан ары қарай жүзеге асыруға ниеттіміз»,-деді. Осы орайда ведомство басшысы екіжақты байланыстардың берік негізі ретінде саяси диалогқа жоғары деңгейде қолдау көрсетілуі керектігін атап өтті.
«Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қорытындылау бағыты Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімді әзірлеуге бастама болды. Қазақстан мен ЕО барша бағыттарды қамтитын құжатқа қол қоюды мақсат етіп отыр. Бұл құжат ұзақ мерзімді мақсаттарға және біздің өзара іс-қимылдың басымдықтарына незілделген»,-деді Е. Қазыханов.
Оның сөзіне қарағанда, 12 қазанда Астанада Қазақстан мен ЕО арасындағы жаңа келісім бойынша келіссіөздердің бірінші ресми кезеңі өтті. Оның қорытындысы аясында құрылым мен жаңа құжатты тұжырымдамалы енгізудің мәселелері келісілді.
«Еуропалық одақпен ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді бағыттарына Қазақстан мен ЕО азаматтарының сапарларына жеңілдетілген режімді енгізу кіреді»,-деп түйіндеді министр.