Қазақстан мен Еуропалық одақтың стратегиялық серіктестігі, ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді - Бодо Лохман

nbsp;АЛМАТЫ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның көп векторлы саясатының нығаюы АҚШ, Қытай, Ресей мен Еуропалық одақ сияқты ықпалды державалармен тең құқықты қатынасына жол ашады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Еуропаға жол" бағдарламасы: Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның ынтымақтастық моделі" деп аталатын VII Халықаралық ғылыми конференцияда айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан-неміс университетінің профессоры Бодо Лохманның айтуынша, Қазақстанның көп векторлы саясатты нығайтуы, ең алдымен дамудың өзіндік жолын табуына көмектеседі. Өзгелердің тәжірибесін көзсіз көшіріп алудан сақтап, АҚШ, Қытай, Ресей және Еуропалық одақ сияқты державалармен тең құқықты қатынас жасауына жол ашады, сондай-ақ Ресеймен қатынасына басымдық береді.

"Қазақстан мен Еуропалық одақтың стратегиялық серіктестігі - қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, экспортты әртараптандырады. Мемлекеттік басқару тетіктерін жаңартып, инвестиция мен озық технологияларды тартуға септігін тигізеді, демократиялық реформаларды ілгерілетеді. Еуропалық одақтың тартымдылығы - бейбітшілікті және ұлтаралық құрметті қамтамасыз етуде, кедергісіз қозғалыстың бірыңғай кеңістігін құруда, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі көшбасшылықта. Ал Еуропалық одақ тәжірибелері: экономикалық және саяси ықпалдастықта, институционалдық дамуда, қоғамды демократияландыруда. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуда, жұмыссыздық пен инфляцияның төменгі деңгейін қамтамасыз ету құралдары мен тәжірибелерінде айқын аңғарылады", дейді экономика ғылымдарының докторы Бодо Лохман.

Соңғы жаңалықтар