Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымының көлемі 1 млрд. долларға жетті

ГААГА. ҚазАқпарат - Гаагада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесу өткізіп, онда екіжақты ынтымақтастықтың жай күйі мен келешегі талқыланды.
None
None

Сонымен бірге Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, технологиялық және инвестициялық салалардағы өзара іс -қимылдарды жандандыру жолдарын қарастырды.

Елбасы Н.Назарбаев С.Нинистёнің өткен жылғы Қазақстанға мемлекеттік сапарынан кейін екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жандана түскендігін атап өтті.

«Қазақстан сіздердің технологияларыңызға, сонымен қатар жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын ескере отырып, білім беру жүйесін дамытудағы тәжірибеге қызығушылық танытады. Сіздің сапарыңыздың қорытындысында коммерциялық компаниялармен 100 млн. доллар сома келісіміне қол қойылды, ал сауда айналымының көлемі 1 млрд. долларға жетті», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Н.Назарбаев бұл кездесу бүкіл әлемдегі жаһандық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызға ие Саммит аясында өтіп жатқандығын баса айтты.

«Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әрі Семей ядролық полигонын жапқан ел ретінде аталған іс-шараға тікелей қатысы бар. Біз мұндай форумның өткізілуіне қуаныштымыз. Өйткені, ол артып келе жатқан тұрақсыздық пен ядролық қаруды деструктивті күштердің ие болу тәуекелінің артуы жағдайында ерекше қажет», - деді Елбасы.

Өз кезегінде Финляндия Президенті өткен жылғы Астанаға жасаған сапары жайында ой бөлісті. «Екіжақты сауда көрсеткіштері өсті. Финляндия іскерлік ортасының Сіздің тараппен ынтымақтастықты дамыту үшін өзара іс-қимылдарға мүдделілік танытуының артып келе жатқандығын атап өткім келеді», - деді Ниинистё.

Соңғы жаңалықтар