Қазақстан мен Франция басшылары әртүрлі салаларда өзара іс-қимылды тереңдету қырларын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесті.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекеттер басшылары ортақ қызығушылық тудырып отырған түрлі салалардағы өзара ықпалдастық аясын кеңейту жайттарын талқылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Францияға сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысына да баса назар аударылды.

Бұған қоса, екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар