Қазақстан мен Германия медициналық техникаларды шығаратын бірлескен кәсіпорындар құру жөнінде келісімдер жүргізуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз Германияның бірқатар компанияларымен Қазақстанда медициналық құрал-жабдықтарды, техникаларды және дәрі-дәрмектерді өндіретін бірлескен кәсіпорындар құру немесе зауыт салу мәселесін талқылаудамыз. Келіссөздер жүргізілуде. Бұл жұмыс ары қарай нақтыланып, жетесіне жеткізіледі. Ендігі кездесуде біз негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетілген бірлескен келісімді бекітетін боламыз», деп атап көрсетті Ж. Досқалиев.
Министрдің атап өткеніндей, неміс компанияларымен сараланып жатқан келісімдер үш бағыт бойынша өтуде. «Бірінші бағыт бұл трансплантация саласын дамыту. Біздің елде ағза мүшелерінің трансплантациясы саласында қиындықтар жоқ емес. Донорларға деген тапшылық бар. Сондықтан Қазақстан мен Германия ағза мүшелерімен алмасу бағдарламасын бірлесіп орындау мүмкіндігі қаралуда», деді Ж. Досқалиев.
Мәселен, Қазақстан реципиентіне қажетті ағза мүшелерін Германиядан алдыртуға кең жол ашылмақ. Сонымен қатар трансплантацилау саласының мамандарын Германияда оқыту жайттары келісілмек.
Германия өкілдерімен кездесу барысында қаралған тағы бір мәселе - кадрлардың тәжірибесін арттыру мақсатында екі ел дәрігерлер мамандарымен алмасу.